$ 494.87  520.65  4.91

«Ойбаай»: әнші Айгүл Иманбаева өзін сынаған жұртқа шүйлікті

Оның бояусыз жүзін сынға алатындар аз емес. Алайда Иманбаева өзіне артық сын айтқандарды орнына қойды.
Фото: instagram.com/aigul_imanbayeva
Фото: instagram.com/aigul_imanbayeva

Айгүл Иманбаева тағы да ел аузында. Бұған дейін жеке өмірі қызу талқыға түскен әнші жеке басына қатысты айтылған сындарға жауап берді. 

Айгүл Иманбаева әр кезде желідегі оқырмандарына әртүрлі жазба арнап, көңілін көтеріп отырады. Жеке өміріне қатысты ақпаратты көпке мәлім етуге немесе ақталуға міндетті емес екенін талай рет айтқан.

Актриса сахнадағы, өмірдегі, кинодағы түрлі образдарын желіге жүктеп, оқырмандарына ұсынып жүр. Оның бояусыз жүзін сынға алатындар аз емес. Алайда Иманбаева өзіне артық сын айтқандарды орнына қойды. 

"Мен әртіспін! Сондықтан мені әртүрлі образда, бояумен, бояусыз , кино, театр, эстрада, телевидениеде көргенде "ойбай" деудің өзі артық. Ол менің мамандығым. Өнерді өнер деп қабылдау көзі ашық, өрелі адамның ісі. Мен еш уақытта жасанды әдемі көрінуге, болмаса тек сұлу фотоларды ғана жүктеуге тырысқан адам емеспін. Мен оқырмандарыма әртүрлі образдағы фото, видеоларымды ұсынғанды жақсы көремін. Сол үшін де мен әртіспін! Ал өмірдегі Айгүлдің жандүниесін білетін, көретін адам онсыз да көреді", деп жазды ол парақшасында

Желідегі қолдаушы оқырман оның сөзін қостай кетті. 

"Еңбегіңіз жана берсін!!! Шығармашылық табыс тілеймін!!!", "Жаным, сен қандай образда болсаң да жүрегің таза, жаның сұлу екенін халқың біледі. Өйткені сен үнемі ізденісте жүресің. Өзіңнен кейінгі жастарға үлгі боларлық жансың. Мен сені жақсы көремін", "Түсінеміз Айгүл ханым, өнеріңіз өрлей берсін!", "Мықты актрисасыз! Сәттілік тілеймін өмірде!", - деп жазды желі қолданушылары. 
 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары