$ 447.4  477.55  4.76

Әлемге танымал сән журналы Көбейтұзда күй шерткен қазақ қызы туралы жазды (ВИДЕО)

Айта кетсек, елордалық домбырашы Маржан Қапсамат шілденің басында қазақы киіммен Көбейтұз көлінің ортасында отырып, өлімді өмір жеңетін әнұран – «Көроғлы» күйін шерткен болатын.

Әлемдегі танымал сән журналдарының бірі Vogue өзінің Instagram парақшасында қазақстандық домбырашы туралы пост жариялады, деп жазады Skifnews.kz ақпарат порталы, ҚазАқпарат аудармасын негізге ала отырып.

Айта кетсек, елордалық домбырашы Маржан Қапсамат шілденің басында қазақы киіммен Көбейтұз көлінің ортасында отырып, өлімді өмір жеңетін әнұран – «Көроғлы» күйін шерткен болатын.

«Қазақстанның ежелгі мәдениетін заманауи Instagram әлеміне енгізген нұрсұлтандық Маржан Қапсаматпен таныс болыңыздар! 23 жастағы қыз Қазақстанның ұлттық аспабы, ұзын мойны мен алмұрт тәрізді пішіні бар екі ішекті лютна – домбырада ойнайды» деп жазған Vogue видеоның астына.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары