$ 444.22  476.38  4.82

Димаштың бейнеклиптері танымал түрік арнасынан көрсетіле бастады

«Ыстанбұл уақыты бойынша 10:00-14:00-17:00 және түнгі 23:00 шамасында», - деп хабарлады телеарнаның әлеуметтік желідегі ресми аккаунты.

Түркияның TMB атты музыкалық телеарнасында қазақстандық танымал әнші Димаш Құдайбергеннің бейнебаяндары көрсетіле бастады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Менің видеоларымды түрік музыка арнасынан тамашалауға болады. Бәріңізге іске сәт деймін!» деп жазды Димаш өзінің Instagram-дағы парақшасына.

Оның әндері TMB телеарнасында бір апта бойы күніне бірнеше мәрте көрсетіледі.

«Ыстанбұл уақыты бойынша 10:00-14:00-17:00 және түнгі 23:00 шамасында», - деп хабарлады телеарнаның әлеуметтік желідегі ресми аккаунты.

Еске сала кетсек, бұған дейін Димаш Құдайбергеннің жеке концерті алғаш рет Кубаның «Canal Clave» телеарнасынан көрсетілген болатын.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары