$ 444.22  476.38  4.82

«Соттатып жіберіңіз!»: Ринат Зайытов халыққа маңызды ВИДЕОүндеу жолдады

Келеңсіз жағдай болған.
фото: видеодан скриншот
фото: видеодан скриншот

Атышулы ақын Ринат Зайытов  ешқашан лотерея ойнатпайтынын айтып, көпшілікке видеоүндеу жолдады. Айтыскердің айтуынша, әлдекімдер оның атын жамылып, лотерея ұйымдастырып көрінеді. Бұл туралы Skifnews.kz ақпарат порталы ақынның Instagram парақшасына сілтеме жасап хабарлайды.

Халықтың алданып қалғанын қаламайтын ол, оқырмандарына маңызды ескерту жасады. 

"Ассалаумағалейкум, ағайындар! Келеңсіз жағдай болды. Біздің парақшаға, көмекші балаларға көптеген адамдар хабарласып, қайдағы жоқ бір лотерея туралы әңгіме айтып жатыр.

Құрметті ағайындар, Сіздерге мен тағы да айтамын. Осыған дейін де бірнеше рет айтқанмын. Мен ешқашан, ешкіммен лоторея ойнатпағанмын.

Біреудің ойнатқан лотореясына да қатысым жоқ. Егер менің суретімді қойып сіздердің телефондарыңызға немесе хабарласса, «сіз ұтыс ұттыңыз» десе, сол адаммен алдап-сулап кездесіп, милицияға апарып соттатыңыздар. Басқа не айтамын енді. Ешқашан лоторея ойнатқан жоқпын, ойнатпаймын", – деді айтыскер видеожолдауында.

Суырып салмалық қабілеті бар ақынның видеосын көргендер: "Жарайсың, Реке! Әншілергеда латерия ойнатсаңдар ән жазбай қоям деп қорқытып қойыңызшы!", "Ринат. Ұлым! Алла жар болсын айналайын. Жақсының артынан көп сөз ереді деуші еді жаным. Алланың көзі дұрыс болсын! Уайымдап бас қатырма. Күнәсіз пенде жоқ. Күнәңді көтерсін осы күншілдерің. Көреалмау ауыр дерт. Көреалмайтындар ғана солай жаман сөздер жазады. Аққа құдай жақ Бәрі жақсы болады!", "Ринаттай болып алыңдаршы ең алдымен диван батырлар-ау, мықты болсаңдар өздерің құрып тастамадыңдарма бәрін сендер де Ер Азаматсың дар ғой намысты.Ринат әділ, шынайы жігіт болып қазақтың жүрегінде қалды болды", "Жарайсың, бауырым! Тек қазақтың домбырасын ойнатып жүре берші!", - деп жазып оны қоштай жөнелді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары