08.10.2020, 06:55

Димаш тыңдармандарына ВИДЕОүндеу жолдап, көпшіліктен көмек сұрады

фото: qamshy.kz
Әр пост пен сторис үшін «Michael Kors» БҰҰ-ның Дүниежүзілік Азық-түлік бағдарламасына 50 адамдық түскі ас бөледі!

Әнші Димаш Құдайберген Instagram парақшасы арқылы көпшілікке видеоүндеу жолдады. Тыңдармандарынан көмек сұрау арқылы ол, дүниежүзілік қайырымдылық жобасын қолдайтынын білдіріп отыр, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы. 

Видеоүндеуінде әнші жігіт әлемдегі азық-түлікке мұқтаж адамдарды пандемия кезінде қолдау жайлы пікірі айтқан.

"Мен @MichaelKors #FoodIsLove @WorldFoodProgramme (Дүниежүзілік азық-түлік бағдарламасы) жобасын қуана қолдаймын. Олардың балаларды тамақтандыру арқылы әлемдегі азық-түлік мұқтаждығын жою мақсаты маған жақын, әсіресе пандемия кезінде. 

Сатылған әр "Love" футболкаларынан түскен қаржы түгел ДАБ –қа аударылады (Дүниежүзілік азық-түлік бағдарламасы). Маған оларға қолдау таныту үшін сіздердің көмектеріңіз қажет-футболкамен суретке түсіп #WATCHHUNGERSTOP және @michaelkors тегтеңіз. Әр пост пен сторис үшін «Michael Kors» БҰҰ-ның Дүниежүзілік Азық-түлік бағдарламасына 50 адамдық түскі ас бөледі!", - деді Димаш.

Оның үндеуін көргендер (тыңдағандар) желіде "Қолдаймыз!" деп тек жақсы тілектерін жаудырып жатыр.