$ 494.87  520.65  4.91

«Бізде тормоз жоқ қой»: Айқын Төлепбергеннің үшінші рет үйленгелі жатқаны рас па?

Ол жүзікке байланысты емес. Тежеуіш баста болу керек, жүзікте емес.
фото: nur.kz
фото: nur.kz

Айқын Төлепбергеннің тағы үйленетіні рас па? Неке жүзігін тақпайтын Айқын мұның себебін түсіндірді. Бізде тормоз жоқ деп ақталған әнші неке жүзігі еш мәселені шешпейді, деп жазады Стан.кз.

Бұл туралы Алматы арнасы хабарлайды. Айқын екі рет некелі болса да неке жүзігін тақпайды. Неке жүзігі еш мәселені шешпейді дейді ол.

«Неке жүзігі басым бос емес деген мағынаны білдіреді ғой. Ол жүзікке байланысты емес. Тежеуіш баста болу керек, жүзікте емес. Мен де тежеуіш жоқ», - деп әзілдеді әнші. 

Бұған дейін бірінші жарының неке жүзігін тастамайтынын айтып, көрерменін бір күлдірді. Бірінші әйелі туралы айтқан Айқын екінші әйелі Жұлдыздың шамына тиіп қалды. 

Тоқтауы жоқ Төлепбергеннің тағы да үйленетін ойы бар ма деген ойға қалдық. 

«Неке жүзігі қалып қалды. Басында үйленгенде некемізді жасырып, құпия ұстап жүргенде неке жүзігін тақпай жүрдім. Сондықтан сол әдет сақалыпты»,- деп ақталды Айқын мырза. 

Ал Бүркіт саусағы үлкен болғандықтан неке жүзігі маған жараспайды дейді. Сәкен Майғазиев неке жүзігін тағуға арланбайтынын, уақыты келсе тағатынын айтты. 

Мүсіні келіскен Тәуекел Мүсілім үйленгеніне көп уақыт өтпесе де неке жүзігін тастамайды.
«Неке жүзігін көрсем, үйленгенім есіме түседі. Жолдастарым мазақтап жатады. Бірақ неке жүзігі мазақ ететін нәрсе емес деп ойлаймын», - деді Тәуекел.

Бағлан Әбдірайымов некенің беріктігі жүзікте емес, адамның өзіне байланысты деп кесіп айтты. 
«Жүзікте тұрған ешнәрсе жоқ. Оны міндетті түрде тағу керек деп ойламаймын. Жақында әйеліммен үйленгенімізге 10 жыл болады. Мүмкін сол кезде тағатын шығармын», - деді Бағлан. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары