$ 443.85  474.3  4.8

«Димаш» деген бір телеарна ашып қойса да аздық етпес еді...» - журналист

Ол арнаны жаһан жабыла көрер еді, мәдениетіңмен танысар еді. Димаштың аталары деп танытсаң шетелдіктер Абайды да, басқаны да іздеп жүріп оқыр еді.
фото: zakon.kz
фото: zakon.kz

Журналист Серік Әбікенұлы қазіргі қазақ руханиятына бөлінген қаржының оңды-солды шашылып, мақсатсыз жұмсалып жатқанын айтып пост жазған. Ол өзінің жазбасында Қазақстаның өнер-мәдениетін әлемге таныту үшін миллиардтап қаржы жұмсағанша, бір Димаш деген телеарна ашып қойса жетер еді деген ой айтқан, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

«Жаратушы қазақты жақсы көреді. Қобал баласына оқта-текте тарту жасап тұрады. ХХI ғасырда құдай бере салған Димаш бұйырыпты пешенемізге. Қазір Қазақстаның өнер-мәдениетін әлемге таныту үшін миллиардттар желге ұшып жатыр. Соның бәрін сап тиып, "Димаш" деген бір телеарна ашса жетер еді. Димаш - адамзат сүйген перзент, тіл-көзден сақтасын. Күллі әлемді қазақша ыңылдатып қойды. Ол насихатталатын арнаны жаһан жабыла көрер еді, мәдениетіңмен танысар еді. Димаштың аталары деп танытсаң Абайды да, басқаны да іздеп жүріп оқыр еді. Димаш феноменін ұғу үшін қазақ феноменіне үңілер еді. Ең бастысы қазақты тілдеген бораттарды қытай, ағылшының қуып жүріп сабап, бордай езер еді. Әзіргі әрекеттер...», - деп жазған өзінің facebook парақшасында. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары