21.10.2020, 17:00

«Бәрін танымалдығы шешіп тұр»: Қайрат әйеліне кинода роль ойнау үшін ақша береді деген рас па?

Қайрат ақшасы бар болғандықтан әйеліне роль алып береді. Жұлдыз телеарналардан түспейтін болды. Жұлдыздың актрисалық қабілеті жоқ.

Қазақстандық кино продюсер Гүлнұр Мамсарипова ел аузында тараған қауесетке жауап берді. Ол Қайрат Нұртастың әйелі Жұлдыз Әбдікәрімованың кинодағы рөлдері туралы айтты. 

Бұл туралы продюсер "Честно говоря" бағдарламасында айтты. 

Жұлдыз Әбдікәрімова соңғы кездері көгілдір экран арқылы көпшіліктің көз алдында. Отандық бағдарламаның бірін тізгіндейді. Сериалдарды роль сомдады. Жұлдыз танымал болғандықтан кинода бой көрсетіп жүр деген әңгіме көп айтылады. Қайрат әйеліне кинода роль ойнау үшін ақша береді деген қауесет те бар. Бұны продюсер жоққа шығарып отыр.

"Қайрат ақшасы бар болғандықтан әйеліне роль алып береді. Жұлдыз телеарналардан түспейтін болды. Жұлдыздың актрисалық қабілеті жоқ, бәрін танымалдығы шешіп тұр" деп айтатындар көп. Бірақ бұл ортада жүрмегендіктен істің ақ-қарасын білмейді. Жұлдызға біз керісінше роль сомдағаны үшін ақша төлейміз. Ол жап-жақсы ойнап жүр. "Келінжанның" екінші маусымында ойнайды. Негізі ол рольге Еркені алғанбыз. Алайда Еркенің әкесі қайтыс болып, қара жамылға соң актрисаны ауыстыру керек болды. Еркеден киноға түсесің бе деп те сұраған жоқпыз. себебі қара жамылып, әкесінен айырылып отырғанда кино туралы айтпадық. Маған Жұлдызды кастинг директор ұсынды. Мен келістім. Жұлдызға айтып едік, келісімін берді",  деді продюсер. 

Гүлнұр Мамасарипованың айтуынша, Жұлдыз өз күшімен танылып жүр. Актрисалық қабілеті бар. Ол Қайраттыі әйелі болғандықтан артық әңгіме айтылатыны заңды.

"Ол емес, керісінше біз ұсыныс жасаймыз. Біз ақша төлейміз. Жұлдыздан да нашар ойнайтын актрисаларды көріп жүрміз",  - деді Мамасарипова. 

Бұған дейін Жұлдыз Әбдікәрімова Қайрат Нұртастың "Арман" атты фильмінде басты рольді сомдады. Кинодағы алғашқы рөлі үшін сын айтқандар да, қолдау білдіргендер де бар.