31.10.2020, 04:43

Сабина Алтынбекова өзге жігіттің суретін жариялап Қуат Хамитовты қызғандырып қойды (ФОТО)

Фото: stan.kz
«Не айтсаң, соны орындаймын, қымбаттым, бірақ мен бұл жігітке қатты ашуланып тұрмын», - деп жауап берді «Найман» әзілдей отыра.

Қазақстандық танымал спортшыларлар Сабина Алтынбекова мен Қуат Хамитов Instagram-да тағы бір рет пікір алмасты, деп хабарлайды Stan.kz.

Волейбол ойыншысы «стористе» өзінің жазылушыларының бірімен видео жариялады. Желі қолданушысы болашақ жарының есімі Сабина екенін жазып жіберген.

«Қуат Хамитов оның соңынан кетті», - деп жазды әлеуметтік желі қолданушыларының бірі.

«Қуат, бармашы, өтініш», - деді Алтынбекова Хамитовке. 

«Не айтсаң, соны орындаймын, қымбаттым, бірақ мен бұл жігітке қатты ашуланып тұрмын», - деп жауап берді «Найман» әзілдей отыра.

Естеріңізге сала кетейік, жақында Қуат Хамитов телешоулардың бірінде эфирде Сабина Алтынбекованы әлеуметтік желілерде бақылайтынын және оған үйленуге қарсы емес екенін айтқан еді.