$ 447.4  477.55  4.76

Димаш Құдайбергеннің есімі Азиядағы ең сымбатты жігіттер тізіміне енді

Байқау нәтижесіне сәйкес, Димаш Құдайберген 20-шы орынға жайғасқан.
Фото: nege.kz
Фото: nege.kz

Әнші Димаш Құдайберген "Азия-Тынық мұхиты аймағындағы ең сымбатты 100 ер адам" халықаралық байқауында 20-шы орынды иеленді, деп хабарлайды nege.kz сайты.

Димаш Құдайберген "The Most Handsome Asian Faces of 2020" ("Азиялық келбеттегі ең сымбатты ер адам") байқауына кандидат ретінде ресми түрде ұсынылып, алғашында төртінші орыннан бой көрсеткен болатын.

Әлеуметтік желі қолданушылары онлайн дауыс беру арқылы ең сымбатты 100 ер адамды анықтады. Тізім Instagram-дағы tccasia_official ресми аккаунтында және TCCAsia каналының Weibo парақшасында жарияланды.

Байқау нәтижесіне сәйкес, Димаш Құдайберген 20-шы орынға жайғасқан. Бұл жаңалықпен Instagram желісінің zhongxindeying парақшасы да бөліскен. Желі қолданушылары әншіні құттықтауға кірісті. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары