$ 444.32  473.33  4.76

Әнші Қайрат Түнтеков әке атанды

Ол қызды болды.

Қазақстандық әнші Қайрат Түнтеков әке атанды. Бұл туралы оның досы әрі әріптесі Бағлан Жолдасов айтты, деп хабарлайды Stan.kz.

"27 қазанға қараған түні менің досым, нағыз талант иесі Қайрат Түнтеков әке атанды. Ол қызды болды. Денсаулығы мықты, білімді, тәрбиелі болып өссін", - деді Жолдасов Instagram парақшасында.

Қайрат Түнтеков 1986 жылы 14 ақпанда дүниеге келген. Ол Шымкент қаласының тумасы. 2004-2005 жылдары  SuperStar KZ музыкалық жобасына қатысып, екінші маусымында жеңімпаз атанғаннан кейін танымал болды.

2013 жылы әнші 40 тәулікке әкімшілік қамауға алынған. Ол көлік жүргізу куәлігінсіз және сенімхатсыз көлік тізгіндегені үшін жауапқа тартылды деп хабарланған еді. 

Осы жағдайдан кейін ол ұзақ уақыт бойы сахнаға шықпай кеткен. Қазіргі уақытта әнші Qazaqstan телеарнасындағы "Егіз лебіз" жобасына қатысып, өзінің музыкалық мансабын жалғастыруда.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары