Қанат Айтбаев баласының кішкентай кезіндегі тағы бір қызық видеосын желіге жүктеді, деп хабарлайды zakon.kz.
"Видеоға танцор-диско деп атау беруге болады. Өйткені онда домбыра шерткен әкесінің өнеріне қосылған бір жасар Димаш шамасына қарай билеп жатыр", делінген желіде мұны бөліскен жанкүйердің бірі.
Бұл видео 1995 жылы 19 қарашада түсіріліпті, яғни Димаш ол кезде аяғынан енді ғана тәй тұрған небәрі бір жаста.