$ 449.58  486.94  4.86

Ернар Айдар екінші рет әке атанды

Желі қолданушылары бұл жаңалықты білген бойда шоу-бизнес жұлдызын құттықтауға кіріскен.
Фото: ашық дереккөзі
Фото: ашық дереккөзі

Отандық шоу-бизнес жұлдызы Ернар Айдардың отбасында қуанышты жағдай орнады. Әншінің жары босанып, оған тағы қыз бала сыйлаған деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Ернар Айдардың тағы да әке атанғаны туралы қуанышты хабарды алғашқылардың бірі болып, белгілі тележүргізуші Анна Данченко жеткізді.

Ол эстрада жұлдызының жанұясында екінші сәбидің дүниеге келгенін Instagram парақшасында хабарлаған. Журналист өнер иесінің қызды болғанын жария етіп, барша халықтан сүйінші сұрады.

"Сүйінші! Ернар Айдар екінші мәрте әке атануыңызбен! Кішкентайдың бауы берік болсын! Ернарқызы! Өте қуаныштымын" , - деп жазды тележүргізуші.

Желі қолданушылары бұл жаңалықты білген бойда шоу-бизнес жұлдызын құттықтауға кіріскен. Олар сүйікті әншісі үшін қатты қуанып, кішкентай нәрестеге ұзақ ғұмыр тіледі.

"Бауы берік болсын. Үлкен азаматша болып өссін" , "Қос қызғалдағыңыздың қызығына тоймай жүре беріңіз" , "Недеген жақсы жаңалық. Ернар құттықтаймыз" , "Тағы да әке болуыңызбен" , "Енді екі қыздың артынан ұл бала ерсін" , "Кішкентайыңыздың бауы берік болсын. Дені сау болсын. Бақытты әрі ұзақ ғұмыр нәсіп етсін" , - деп ақ тілектерін білдіруде көпшілік.

Алайда, әншінің өзі парақшасында қызды болғанына қатысты жазба жариялаған жоқ. Ата-ана нәрестеге қандай ат қойғаны да белгісіз.

Айта кетейік, Ернар Айдардың дүние есігін енді ғана ашқан сәбиінен басқа тағы үлкен қызы бар. Өнер иесінің тұңғышы өткен жылдың тамыз айында туған. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары