$ 449.58  486.94  4.86

«Сүйінші ағайын»: әзілкеш Қайрат Әділгерейдің төртінші сәбиі дүниеге келді

Әзілкештің жары оған үшінші қызды сыйлаған. Ерлі-зайыптылардың дүниеге енді ғана келген кішкентай нәрестеден басқа тағы үш баласы бар.
Фото: ашық дереккөзі
Фото: ашық дереккөзі

Қазақстандық шоу-бизнесте өзіндік орны бар Қайрат Әділгерей тағы да балалы болды. Белгілі әзілкештің төртінші перзенті дүние есігін ашты. Өнер иесінің келіншегі оған қыз бала сыйлаған деп жазады nur.kz.

Қайрат Әділгерей отбасының тағы бір сәбимен толыққанын бірден желі қолданушыларына жеткізген. Бақыттан басы айналған әке өз қуанышымен Instagram парақшасында бөлісті.

"Әзіл әлемінің" жұлдызы отбасылық фотосын жариялап, қалың көпшіліктен сүйінші сұраған. Әзілкештің жары оған үшінші қызды сыйлаған. Ерлі-зайыптылардың дүниеге енді ғана келген кішкентай нәрестеден басқа тағы үш баласы бар. Олар сәбимен қатар бір ұл мен екі қызды тәрбиелеп отыр.

"Сүйінші ағайын Алланың қалауымен Бақыт Тұрман екеуміз қызды болдық! Аллаға шүкір" , - деп жазды Қайрат Әділгерей.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары