$ 494.87  520.65  4.91

Қайрат Нұртастың анасы тамақ пісіру шеберлігімен жұртты тәнті етті (ВИДЕО)

Белгілі продюсер келін болып түскен сәтінен бастап, үзбей жасап келе жатқан тамағы туралы пайдалы ақпаратпен бөлісті.
Фото: видеоан скриншот
Фото: видеоан скриншот

Қазақстандық танымал продюсер Гүлзира Айдарбекова өз отбасының сүйікті тағамы туралы бар шындықты айтты. Қайрат Нұртастың анасы қалың көпшілікке жанұясы жақсы көретін асты қалай дайындалатынын көрсетіп түсіндірді деп жазады nur.kz.

Гүлзира Айдарбекова Instagram желісінде тамақ әзірлеу шеберлігін паш етіп, қалың көпшілікті тәнті етті. Ол жеке парақшасында ас дайындап жатқан сәтінен видео жариялап, асханадағы күнделікті тірлігін көрсетті. Белгілі продюсер келін болып түскен сәтінен бастап, үзбей жасап келе жатқан тамағы туралы пайдалы ақпаратпен бөлісті.

Қайрат Нұртастың анасы аталмыш тағамды қос келініне де бірден үйретіп қойған.

"Анашымның үйреткен май қамыры. Біреулер нан салма, ал біреулер май қамыр десе, ал біз бала кезімізде қазақша май қамыр дейтінбіз. Келін болып түскен кезден бастап қолдан ыстық нан жауып осы дәмдерін жасап келемін. Екі келінім де үзбей дәмді етіп жасап, қолдан нан жабады. Анашымның бұл дәмдері біздің отбасымыздың сүйікті асына айналып кеткен. Ал енді тура осы дәмді қыз-келіншектер отбасыларына даярлап берсе, жанұясын әсіресе жұбайы мен енесін қуантарына нақ сенімдімін" , - деген жазба қалдырды Айдарбекова. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары