Мәдениет & Шоубиз 12.11.2020 сағат 16:20

Әнші Бүркіт өзіне қатты ұқсайтын туған ағасын көрсетіп елді таңғалдырды (ФОТО)

Бүркіт ағасы Әли Жансейітовтің өзіне ұқсайтынын айтақанымен, мінездері екі бөлек екенін жеткізді.
Әнші Бүркіт өзіне қатты ұқсайтын туған ағасын көрсетіп елді таңғалдырды (ФОТО)
Фото: stan.kz
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Әнші Бүркіт өзінен аумай қалған ағасын көрсетті. Көпшілік ағайынды бауырларды егіздер деп болжады. Бүркіт ағасы Әли Жансейітовтің өзіне ұқсайтынын айтақанымен, мінездері екі бөлек екенін жеткізді. 

Айбек (Бүркіт) Жансейітов туған ағасы Әли Жансейітовті көрсетті. Көлікте келе жатқан әнші көлік рөлінде отырған ағасын видеоға түсірді. Алайда Әли Жансейітов камераны өшіруін сұрады.

Бүркіт бұған дейін ағасы Әлиді шоу-бизнес әлеміне алып келген еді. Екеуі "Жалған махаббат" деген ән шырқап, бейнебаянын тыңдарманына ұсынды. 

Бүгінде Әли Жансейітов продюсерлікпен айналысады. Әнші болуды, көпшілік алдында жүруді, камераны жақсы көрмейтін ол сахна сыртында жұмыс істеп жүр. 

Әли Жансейітов бір сұхбатында Бүркіттің бала күнінде ерке болғанын айтты. 

"Бүркіт кенже болғандықтан үйдің шаруасына араласпайтын. Ақ саусақ бала болды. Себебі музыкалық мектепте оқыды. Анасы ауыр жұмыс істеуге рұқсат етпейтін. Айдар деген менен үлкен ағам бар. Үй шаруасына екеуміз жегілеміз. Айбекті біз де жақсы көріп, еркелететінбіз. Бірақ үйде тәртіп болды. Біз жұмыс істеп жүргенде Бүркіт ойнамайтын. Біз демалып жатқанда ғана ойынға шығатын еді", - дейді Әли Жансейітов. 

Әлидің желіде өз оқырманы бар. Олар Әлидің жұмысынан хабардар. Әрдайым тілекші болып, бағасын беріп отырады. Көпшілігі ағалы-інілердің бір-бірінен аумайтынын айтып, таңдасынын жазып жатады. 

"Бүркіттен аумайды", "Ағалы-інілі емес, егіздер сияқты", "Шығармашылық табыс тілеймін", "Ағасының жолын қуған екен", "Бірақ мінездері ұқсамайтын секілді", "Өзі ғана емес, дауысы да Бүркіттің даусы секілді"- деп жазды.

Оқи отырыңыз

загрузка...

Соңғы жаңалықтар

Аптасына бір рет ең танымал мақалалардың дайджесін жібереміз

Қызықты материалдар