$ 494.87  520.65  4.91

«Мынау не киім?»: хиджаб киген Ақбота Сейітмағамбеттің жаңа образы жұртқа жақпай қалды (ФОТО, ВИДЕО)

Кейбір желі оқырмандары тіпті Ақбота Сейітмағамбеттің араб жігітке тұрмысқа шыққанын болжап жазды.
Фото: Instagram/akbotanurabaykyzy
Фото: Instagram/akbotanurabaykyzy

Отандық танымал әнші әрі актриса Ақбота Сейітмағамбет Дәурен Айдарқұловпен ресми түрде ажырасқалы елдің аузында. Бұл жолы қалың көпшілік өнер иесінің жаңа образын талқылап, оған қатысты өз наразылығын білдірген. Олар хиджаб кие бастаған арудың орану тәсілін құптамаған деп жазады nur.kz.

Желі қолданушыларының ашуын Ақбота Сейітмағамбеттің Instagram парақшасында жариялаған соңғы фотосы тудырған. Онда әнші ару араб стиліндегі орамал тартып алғанын көруге болады. Алайда, бұған дейін толығымен тұмшаланған өнер иесінің бұл қылығы көпке жақпай қалған. Олар Айдарқұловтың бұрынғы жарын арабтарға елітегіштігі үшін сынға алып, оның жаңа образын қызу талқылап тастаған.

Кейбір желі оқырмандары тіпті Ақбота Сейітмағамбеттің араб жігітке тұрмысқа шыққанын болжап жазды.

"Мұсылмандық - арабтың киімі ғана емес" , "Мынау не киім?",  "Шейхтің әйелі болған ба? Тұрмысқа шыққан ба?" , "Арабтың киімін дәріптегенше, өзіміздің қазақ қыздарының образын көрсетсе зор болар еді" , "Арабтың еркектеріне ұқсап қалыпсың. Тақсаң да келістіріп тақсай" , "Ойланып киін" , "Шейхтарға ұқсап қалыпсыз" , "Енді арабша сөйлеңдер" , "Түріңді ақыры шығардың-ау" , "Бір күні паранжа киіп шықсаңыз таңғалмайтын болдық" , - деп жазды көпшілік.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары