$ 510.08  539.61  5.15

Қазақтың ұлттық киімін киген әнші Ерке Есмахан елді таңырқатты (ФОТО)

Ерке Есмахан жаңа клипінде қазақтың ұлттық киімімен табиғат аясында бой көрсеткен.
Фото: Instagram/erke_esmahan
Фото: Instagram/erke_esmahan

Қазақстандық шоу-бизнестің жарық жұлдызы Ерке Есмахан қалың көпшілікке жаңа бейнебаянын ұсынды. Әншінің жанкүйерлері оның жаңа туындысымен қатар, клиптегі ерекше ұлттық образдарына тәнті болған деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Ерке Есмаханның "Еркелей берем" атты бейнебаяны барша көрермендерге жол тартты. Өнер иесі Youtube желісінде су жаңа туындысының тұсауын кескен. Желі қолданушылары карантинге қарамастан жанкүйерлерін жаңа әндермен қуантып жатқан эстрада жұлдызының бұл жұмысына жоғары бағасын берген.

Сонымен қатар, желідегі көпшілік әншінің жаңа өлеңіне ғана емес, оның бейнебаяндағы ерекше образдарына тамсанған. Ерке Есмахан жаңа клипінде қазақтың ұлттық киімімен табиғат аясында бой көрсеткен. Шоу-бизнес өкілі, кадрдан тыс фотолармен Instagram желісінде бөлісіп, оқырмандарының жылы лебіздеріне ие болған.

"Өте жарасымды. Сізді осынжай образда көрмегенімізге көп болып еді" , "Қазақтың ұлттық киімі недеген әдемі. Қыздары да көрікті" , "Жарайсың Ерке, аруларға осындай киімдерді насихаттау керек" , "Қазақ көйлек сізге өте жарасады" , "Мінсіз болып тұрсыз. Еңбегіңіз бағалансын" , "Бейнебаян да, ән де, образдар да күшті шыққан" , "Қазақстанның табиғатын да, қазақтың ұлттық киімін де көрсетті" , "Өнеріңіз шарықтай берсін. Өте сұлусыз" , "Сізді үнемі қыздарыма үлгі етемін" , - деп жазуда жұртшылық. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары