$ 449.58  486.94  4.86

Болгарияда Абай мен әл-Фарабидің құрметіне мерейтойлық пошта маркалары шығарылды

Қос ғұламаның суреті бейнеленген мерейтойлық марканы болгарлар енді күнделікті хат алмасуда қолданады. Құны 0,65 левов, яғни 165 теңге шамасында болмақ.
фото: gov.kz
фото: gov.kz

Болгария елінде Әбу Насыр әл-Фарабидің 1150 және Абайдың 175 жылдық мерейтойының құрметіне арналған пошта маркалары шығарылды.

Салтанатты шара Болгария Халық жиналысының ғимаратында өтті, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Мерейтойлық пошта маркасын шығару жобасы Қазақстанның Софиядағы Елшілігінің мұрындық болуымен және «Болгария поштасы» ақционерлік қоғамының қолдауымен жүзеге асырылған. 

Қос ғұламаның суреті бейнеленген мерейтойлық марканы болгарлар енді күнделікті хат алмасуда қолданады. Құны 0,65 левов, яғни 165 теңге шамасында болмақ. 

Іс-шараға Қазақстанның Софиядағы Елшілігінің өкілдерімен қатар Халық жиналысының төрайымы Цвета Караянчева, «Қазақстанмен достық үшін» парламентік тобының төрайымы Даниэла Дариткова, Сыртқы істер министрінің орынбасары Милен Люцканов, Көлік министрінің орынбасары (пошта саласына жауапты) Андреана Атанасова, «Болгария поштасы» ақционерлік қоғамының Бас директоры Деян Дынешки, сондай-ақ әр түрлі саяси партиялар атынан парламент депутаттары қатысты.

Ц. Караянчева өз кезегінде Қазақстан мен Болгария арасындағы қатынастардың жақсы дамып келе жатқанын атап өтіп, іс-шара екіжақты ынтымақтастықты нығайтудың тағы бір мүмкіндігі болғанын хабарлады. Сонымен бірге, ол Елшілігіккее аталған ұлы тұлғалармен танысуға мүмкіндік бергені үшін алғыс айтты.

Жалпы, өткізілген іс-шара болгар аудиториясын Қазақстан халқының мәдени мұрасы мен рухани байлығымен таныстыруға жақсы мүмкіндік ұсынды.

Сонымен қатар, іс-шара аясында философия ғылымдарының докторы, Қазақ ұлттық университетінің профессоры Жақыпбек Алтаевтың болгар тіліне аударылған әл-Фараби туралы жаңадан шыққан кітаптың тұсаукесері өтті.

Соңында Қазақстан Республикасының Елшісі қонақтарғ аталған жаңа кітап пен Абайдың «Қара сөздер» болгар тіліндегі басылымын, және «Құнанбай» фильмімен (болгар тілінде) DVD табыстады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары