$ 522.49  547.88  5.06

«Әкесінің аузынан түсіп қалғандай»: Төреғали Төреәлі ұлымен алғаш рет ел алдына шықты (ВИДЕО)

Қалың көпшілік Төреғалидің ұлы көшірмесіндей өзіне қатты ұқсайтынын жазуда.
Фото: видеодан скриншот
Фото: видеодан скриншот

Қазақ эстрадасының жұлдызы Төреғали Төреәлі сахнаға отбасын алып шығып, барша жанкүйерлерін бір қуантты. Ел алдына алғаш рет ұлымен шыққан әншіге қалың көпшілік тәнті болып, әкесі мен баласына сүйсінген деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Төреғали Төреәлі отандық телеарналардың бірінде аса ерекше түсірілімге қатысты. Әдетте сахнада бір өзі жарқырап жүретін өнер иесі, бұл жолы халық алдына отбасымен бірге шыққан. Instagram желісіндегі qaz.stars парақшасында әншінің жанұясымен түсірілімде жүрген сәтінен видео жарияланған.

Онда әншінің ұлын көтеріп алып, ән шырқап жатқанын байқауға болады. Оған қоса, кадрға шоу-бизнес өкілінің жары Толқын да түсіп қалған. Ол ән салмаса да, қолына микрофон ұстап алған. Желі қолданушылары аталмыш бейнежазбаға тамсана қарап, жұлдызды отбасыға қатысты жылы лебіздерін жарыса білдірген. Қалың көпшілік Төреғалидің ұлы көшірмесіндей өзіне қатты ұқсайтынын жазуда.

"Көз тимесін. Толқын секілді жарыңыз бар. Сіз бақытты адамсыз" , "Ұлыңыз сондай тәтті, бұртиып тұрғанының өзі қандай ерекше" , "Төреғалидің көшірмесі ғой. Әкесінің аузынан түсіп қалғандай" , "Бақытты жанұя деп осы жандарды айт. Керемет үлгі болатын отбасысыздар" , "Ата-анасын сыйлаған ұлы дала баласы" , "Өте әдемі әрі ерекше көрініс. Төреш әдетте отбасын ешқайда алып шықпай, үйде ұстайтын еді ғой" , - деп жазуда желідегілер. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#Төреғали #ұлы