$ 443.37  474.49  4.83

Қолын артына қойып сөйлеген Т.Төреәлі шымкенттік журналистке жақпай қалды (ВИДЕО)

Шымкенттегі кілем фабрикасына қонаққа барған танымал әнші Төреғали Төреәлі тілшілерге сұхбат беремін деп басы дауда қалды. Бұл туралы жергілікті TVK телеарнасы хабарлап отыр.

Тілшіге Төреғалидың қолын артына қойып сөйлегені жақпай қалған көрінеді. Сол үшін әншіге ескерту айтқаны сол екен, өнер иесі бұлқан-талқан болып, сұхбат беруден бас тартты. Ал, Төреғалидың әкесі әрі продюсері ұлына басу айтудың орнына, дөреклік танытып, журналистерді ғимараттан қуып шықпақ болды.

Ал, әлеуметтік желі пайдаланушыларының көбі Төреғалиға ескерту айтқан тілшінің өзін кінәлап отыр. Қолын артына қойып сөйлегенде тұрған ешнәрсе жоқ дейді олар. Екінші тарап болса әншінің тым тәкаппар болып, "жұлдыз" ауруына шалдыққанына наразы.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары