Халықаралық балаларды қорғау күні мен ел тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай Түркияның Қазақстандағы елшілігі Астанада «Түркия-Қазақстан балалар сурет көрмесін» өткізуді қолға алып отыр.
Айтулы шара екі елдің арасындағы достық қарым-қатынасты одан әрі нығайтуға бағытталған. Көрмеге Қазақстан мен Түркия достығына арнап салынған 40 сурет қойылады.
Іс-шара 28 мамыр күні сағат 15:00-де «Хан Шатыр» ОССО-да өтеді.
Айта кетейік, іс-шара Юнус Эмре атындағы түрік мәдениет орталығы мен Түрік ынтымақтастық және үйлестіру агенттігі (TIKA) Астана өкілдігі ұйымдастырып отыр.