$ 522.49  547.88  5.06

Үкілі емші бала Ерболсын мен әнші Назиманың кездесіп жүргені рас па?

Араларында 13 жас айырмашылығ бар әнші мен емші жеке өмірін талқыға салмайды. Дей тұрғанымен Назима махаббаттың жас талғамайтынына сенетін секілді.
Фото: stan.kz
Фото: stan.kz

Көпшілік үкілі Ерболсынды зағип жанға қуаныш сыйлап, мүгедікті орнынан тұрғызған емші ретінде таниды. Оның қасиет қонған қамшысы денеме бір тисе ғой деп талай адам Аралқұмға сабылған еді. Ел ішінде емші бала атымен танылған Ерболсын қазір қайда жүр? Оның әнші Нәзимамен бас қосқаны рас па?

Бұл туралы "Астарлы ақиқат" бағдарламасында айтылды.

17 жастағы емші Ерболсын мен 30 жастағы әнші Назиманы не байланыстырады? Әні арқылы Тиматиді мойындатқан Назимаға қанат сыйлаған емші Ерболсынның қамшысы ма? Үкілі бала әншінің жүрегіне жол тапты ма? Ел екі жасты бір бүтін деді. Ал Ерболсының өзі не дейді?

Назиманың жарқ еткен триумфын ел атышулы "Песни" жобасымен байланыстырады. Мәселе жобада ма, үкілі балада ма? Әншінің жарқ етіп жануына Ерболсынның қасиетті қамшысы себеп болған ба?

Емші бала Назиманың өзінен ем алғанын жасырмайды. Назима оның қасиетінен ем алса, бозбала оның әуелеген әнінен ләззат алады-мыс. Тіпті бұл байланысқа арадағы 1700 шақырым кедергі емес. Араларында 13 жас айырмашылығ бар әнші мен емші жеке өмірін талқыға салмайды. Дей тұрғанымен Назима махаббаттың жас талғамайтынына сенетін секілді.

"Назима екеуміз ел таныған адам болған соң, бір-бірімізді қолдап жүреміз. Ол менен ем алған. Мен оның әндерін тыңдаймын. Көп адам бізді жақын қатынаста деп ойлайды. Бірақ біз жай ғана жақын араласамыз. Назимамамен ол әнші болып концертке шығып жүргенде таныстым. Ел аузындағы қауесеттер жай сөз. Ол маған келіп емделгені рас. Қазір бәрі дұрыс. Менің өзімнің кездесіп жүрген  қызым бар. 18 жасқа толған соң бірден үйленемін деп жоспарлап отырмын", - деді Ерболсын. 

Ерболсынның айтуынша, ол алғаш рет 9 жасында қатты ауырған. Одан кейін шығып кеткен сүйекті салып, сынықшы атанып кетіпті. 

"Адамдардың сүйегін білмесем де, орнына салып беріп жүрдім. Кейін адам емдей бастадым. Күніне 500 мың адамды қабылдаған кездер болды. Анам екеуміз ақылдасып Аралқұмда мешіт салдық. Мен пендемін. Маған алла қасиет берді. Мен соны себепші қылып адамды емдеймін. 11 жасымда тағы ауырдым. Ол кезде отандық бағдарламада имамдармен пікір-таласқа түстім. Олардың маған айтқан ауыр сөздерінен соң мен күйзеліске түсіп, екі жыл жүрдім. Мүмкін мен имамдарға артық сөз айтқан шығармын. Ашуына тиген шығармын, мен бала болдым. Балалығым үшін, қате сөз айтқаным үшін қазір басымды иіп сол кісілерден кешірім сұраймын", - деді Ерболсын. 

Ерболсын емшілікті аян көріп бастаса, әншілікті арман етіп жалғаған. Халық еммен, өзімді әнмен емдеймін дейді. Ерболсын талай жыл елге айтпаған ақиқатын айтты. 

10 жасында емшілікті бастаған Ерболсын 17 жасқа келді. Басында үкісі болмағанымен, қамшысы қолында. 

Кезінде адам  емдеп танылған бала бүгінде тойдың көркін қыздырып жүр. Үкілі баланың арагідік өлең шығаратын өнері де бар. 

"Мен адамдарды емдеген соң айқайлап өлең айтамын. Себебі адамдардан келген жаман энергияны шығарамын. Ақындық қасиетім бар, өлең шығарамын", - деді Ерболсын. 

"Ерболсынның сандарын айтар болсам, мінезі нәзік, жуас екені көрініп тұр. Анасының айтқанын тыңдайтын бала. Эйнштейннің матрицасында үш қана үштік саны бар. Ерболсында бес үштік саны бар. Мақсат қойса, соған тез жетеді. Ең бір кемшілігі - еріншектігі", - деді нумеролог Ақмарал Күлсейітова.

Бұл ретте мыстан Ханша, рэпер Жан Ахмадиев Ерболсынды жақтады. 

"Бұрын Ерболсында менмендік болатын. Мен ғанамын дегенді көп айтатын. Қазір аузында Алласы бар екен. Оқыған, өзгерген. Кешірім сұрап отыр. Сабырлы қалыпқа түскен. Сондықтан оны айыптаудың керегі жоқ", - деді Ахмадиев.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары