"Қалауылым" жобасының бұрынғы аты-шулы қатысушы Замира Сұлтан ақыры ұзатылып, қалыңдық атанды.
"Бір болайық", - деп атын өзгерткен жобада Замираның кеше ғана тікелей эфирде ұзатылу тойы өтті.
Бұл туралы Caravan.kz хабарлайды.
Былапыт сөздерімен танымал болған Замира ақыры өзінің сүйіктісін тапты. "Бір болайық" жобасында тікелей эфирде оның ұзатылуы болды.
Замираның таңдауы осы бағдарламада танысқан бұрынғы сүйіктісіне түскен.
Замираның құлағына сырғаны бағдарлама режиссері Аслы тақса, ал әнші Ақбота Керімбекова сыңсу айтып, оны өз қолынан ұзатты.
Атышулы қатысушының ұзату тойындағы фото, видеолар "Бір болайық" жобасының Instagram желісіндегі парақшасында жарияланды.