Белгілі қазақстандық файтер Қуат Хамитов Сабина Алтынбекованың тұрмысқа шыққаны туралы жаңалықтарға пікір білдірді деп жазады KAZ.NUR.KZ.
Бұл жөнінде аралас жекпе-жек шебері Instagram әлеуметтік желісіндегі парақшасында жазды. Хамитов волейболшыны қуанышты сәтімен құттықтауды ұмытқан жоқ.
"Әй Сабина-Сабина, мен саған енді қарай бастаған едім, сен қашып кеттің. Менің құттықтауымды қабыл ал! Шын жүрегімнен саған бақыт тілеймін! Сен керемет жансың. Біздің барлық қыздарымыз сен сияқты нәзік әрі әдемі болсын. Ал қалғандырыңызға шаршамаңыздар дегім келеді, аңшылық жалғасады", - деді спортшы.