$ 446.49  475.38  4.79

BBC Ninety One тобының құрылу тарихын жазды

Ninety One немесе "91" тобы - 2015 жылдың 1 қыркүйегінде сахнаға шыққан қазақстандық бойзбенд.

BBC Ninety One тобы туралы жазды, деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Телеарна жазбасында топ карьерасы басталғанда сырт келбеті үшін сынға алынғанымен, қазір халықаралық аренада танымал екені айтылған. Сондай-ақ, топты Оңтүстік Кореяда пайда болған К-рор жанрында ән айтатындай қабылдауға болатынын, бірақ олай емес, олардың жанры - Qazaq pop немесе Q-pop екенін атап өтті. 

Ninety One немесе "91" тобы - 2015 жылдың 1 қыркүйегінде сахнаға шыққан қазақстандық бойзбенд. Оның құрамында ALEM (Батырхан Мәліков), ACE (Азамат Ашмақын), ZaQ (Дулат Мұхаметқалиев) және BALA (Данияр Кулумшин) бар.

Айта кетейік, 2020 жылдың 5 тамызында A.Z. (Азамат Зенкаев) топтан шықты.

Топ продюсері - ORDA тобының әншісі Ерболат Беделхан.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#Ninety One