$ 447.4  477.55  4.76

«Арамызға енем түсті»: атышулы әнші Say Mo-мен актер Шәріп Серік ажырасқалы жатыр

"Мен де болсам келінімнің ашық-шашық жүргенін қаламас едім", "Енеңіз дұрыс істепті", "Ешнәрсе себепсіз болмайды", "Әркім өзін түзесе, бәрі дұрысталады", - дейді желі қолданушылары.
Фото: ашық дереккөзі
Фото: ашық дереккөзі

Жақында ғана мұсылманша некесін қиып, шаңырақ көтерген жұлдызды жұп жағымсыз жаңалық айтты.

Мөлдір Есембек желіде жазба жариялап, желі қолданушыларының көңілін түсірді.

"Мен Шәріп Серікпен ажырасқалы жатырмын. Достар, мен енемді мақтап едім. Ол кезде жақсы танымаған екенмін. Қазір енелердің жақсы болмайтынын түсініп жатырмын. Сіздердің айтқандарыңыз келді. Біздің арамызға енем түсті. Елдің өсегіне сеніп, өзгенің ойымен өмір сүретін адамдардың қасымда жүргенін қаламаймын", - деп жазды әнші Инстаграм парақшасында. 

"Енем менің анама хабарласып, тыныштық бермеді. Желідегі суреттеріме дейін мін тапты. Бұған дейін үндемедім. Енді шектен шықты. Қатты ашуландым. Сондықтан ажырасқанымыз дұрыс. Күйеуім екеуміз бір-бірімізді жақсы көрсек те, екі жаққа кетуге тура кеп тұр", - деп жазды ол. 

Желі қолданушылары сан сауалдар қойып жатыр. 

"Екі жастың арасына есі кеткен түседі", "Сіздер жақсы жарасасыздар, неге ажырасасыздар, өз өмірлеріңіз үшін күресіңіздер", "Ажырасу деген оңай болды ғой", "Ененің көңілін табуға болмас па еді?", - деп жазды олар. 

Енді бірі әншінің кей әрекеті шынында да ерсі деген пікір айтты.

"Мен де болсам келінімнің ашық-шашық жүргенін қаламас едім", "Енеңіз дұрыс істепті", "Ешнәрсе себепсіз болмайды", "Әркім өзін түзесе, бәрі дұрысталады", - дейді олар. 

Айта кетейік, әнші мен актер некесін қиып, бас қосқанына көп уақыт өткен жоқ. Жас жұбайлар бір ай бұрын мұсылманша некелесіп, ерлі-зайыпты атанған еді. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары