$ 447.4  477.55  4.76

Қуат Хамитов Сабина Алтынбекованың тұрмысқа шығуына қатысты пікір білдірді

Айтуынша, арасында шаршап, тезірек алаңға шығып, демалысқа кеткісі келеді.
Фото: ашық дереккөз
Фото: ашық дереккөз

"Найман" лақап атымен танылған MMA спортшысы Қуат Хамитов кезекті жекпе-жегіне дайындығы мен қазақстандық волейболшы Сабина Алтынбекованың тұрмысқа шығуына қатысты ойын айтты.

Sport.kz сайтының хабарлауынша, Хамитов 22 қаңтарда Магнитогорсктегі Fight Nights Global турнирінде ресейлік файтер Алексей Ильенкоға қарсы жекпе-жек өткізеді. Қазір ол дайындықтың соңғы кезеңінде тұр.

"Менде ешқашан ММА жаттықтырушысы болған емес. Әрдайым өзім дайындалдым. Қазір топ жинап, күндіз-түні бірге жекпе-жекке дайындалып жатырмыз. Күніне екі рет дайындаламыз. Бәрі жақсы, қарсыласқа қарай дайындалып, солақайлармен жұмыс істеп жатырмын. Зерттеп, дайындыққа қажеттің бәрі жасалуда", - деді Хамитов.

Айтуынша, арасында шаршап, тезірек алаңға шығып, демалысқа кеткісі келеді. Сонымен қатар сұқбат барысында волейболшы Сәбина Алтынбекованың тұрмысқа шығуына қатысты ойын айтты.

"Оның тұрмысқа шыққанына қуаныштымын. Анджелина Джолидің өзі болса да, алдағы екі жылда үйлену туралы жоспарым болған жоқ. Сондықтан ол үшін қуаныштымын. Мені ұлы істер күтіп тұр, сондықтан жеке өмір сияқты ұсақ-түйекке алаңдай алмаймын. Біз Сабина екеуміз араластық. Ол 24 жаста, оған сол қажет болды, мен оған оң көзқараспен қараймын және бақыт тілеймін", - деді Хамитов.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары