$ 494.87  520.65  4.91

«Ажырасып қайта қосылуға болмайды»: Дәурен Айдарқұлов үшінші рет үйленетінін айтты

"Мен қазір жар іздеп жүрмін. Оны жасырмаймын. Бұйырса, үшінші рет үйленемін. Сонымен бұл тақырыпты жабайық", - деді әзілкеш.
Фото: ашық дереккөзі
Фото: ашық дереккөзі

Дәурен Айдарқұлов үшінші рет үйленетінін айтты. Алайда әзілкеш әлі де жар таңдау үстінде. Ақботамен қайта қосылмайтынын айтқан ол некені мазақ етуге болмайтынын айтты. Одан бөлек бірінші әйелімен, балаларымен ара қатынасы жайлы сөз қозғады. 

Айдарқұлов біраз уақыт бұрын Ақбота Сейтмағамбетпен ажырасып кетті. Некенің әншінің тарапынан бұзылғаны белгілі болды. Ақбота біржола кеткенін айтқанымен, Айдарқұов оны ұмыта алмай жүргенін жасырмады. 

Алайда некенің ойыншық емес екенін ескерте келе ол Ақботамен қосылатын ойы жоқ екенін ашық жеткізді. Отбасына қайта оралуға кеңес бергендерге де өз жауабын айтты. 

"Мен Ақботамен қайта қосылмаймын. Екеуміздің таысқанымызды қалап, кеңес беріп, сұрақтың астына алып жатқандарға айтарым - біз енді қосылмамыз. Себебі шариғат бойынша, неке деген ойнайтын зат емес. Ажырасып, қайта қосыла беруге болмайды. Мен қазір жар іздеп жүрмін. Оны жасырмаймын. Бұйырса, үшінші рет үйленемін. Сонымен бұл тақырыпты жабайық", - деді әзілкеш парақшасында.

Осы тіспен-ақ екі әйел алып отыр

Айтуынша, ол қазір бірінші некесімен туған балаларымен бірге.

"Баянгүл күнделікті үйге келіп тұрады. Балалары менің қасымда. Себебі ата-әжесімен бірге болған ыңғайлы. Ал жақсы пәтер табылған соң анасымен де, бізбен де бірге болады. Екінші некедегі балаларымен күнделікті кездесе бермеймін. Себебі екі жақтамыз", - деді ол. 

Әзілкеш желі қоланушыларының сұрақтарына осылай деп жауап берді. 

Айдарқұлов 2021 жылы үйленетінін кесіп айтқан еді. Алайда жар болуға лайықты қызды әлі кездестірмеген көрінеді. Бұған дейін оранған, намаз оқитын, иманды қызға үйленгісі келетінін мойындаған еді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары