"МузАРТ" тобының әншісі Мейрамбек Бесбаев Алматыда коронавируспен ауруханаға түсті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.
"Иә, кеше түсте жедел жәрдем шақырдық. Жағдайы күрт нашарлап кетті. Алдымен пневмония деген, кейін коронавирус анықталды", - деді "МузАРТ" тобының директоры Ерлан Жүнісбай Tengrinews.kz тілшісіне.
Топ директорының айтуынша, қазір Мейрамбек Бесбаевтың жағдайы жақсы.
"Онымен кеше кешке сөйлестім. Қалқамандағы №7 аурухананың дәрігерлеріне алғыс айтқысы келеді. Қазақстандықтар мұның қаншалықты қауіпті екенін түсініп, олардан үйде отыруын және қонаққа бармауын сұрады", - деді Жүнісбай.
Айта кетейік, 2019 жылдың қыркүйегінде танымал қазақстандық музыкант Мейрамбек Бесбаев Алматы әкімінің мәдениет мәселелері жөніндегі штаттан тыс кеңесшісі болып тағайындалды. Ол 2000-жылдардың басында Сәкен Майғазиев және Мақсат Базарбаевпен бірге "МузАРТ" триосын құрған кезден бастап танымалдыққа ие. Ал 2017 жылдың қарашасында Бесбаев өзінің шығармашылық қызметінің 30 жылдығын атап өткен.