$ 498.34  519.72  4.85

«Жүрегіміз әке деп соғады»: Тұрсынбек Қабатов марқұм әкесіне жантебірентерлік жазба арнады

Белгілі болғандай, әзілкештің әкесінің өмірден өткеніне тоғыз жыл болған.
Фото: Instagram/kabatov_tursinbek_resmi
Фото: Instagram/kabatov_tursinbek_resmi

Отандық танымал әзілкеш Тұрсынбек Қабатов асқар тауы әкесін есіне алып, барша оқырмандарын жылатты. Өнер иесі желіде аса әсерлі жазба жариялаған деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Тұрсынбек Қабатов марқұм әкесін есіне алып, Instagram парақшасында оған жантебірентерлік жазба арнады.

Оған қоса, КВН жұлдызы көпшілік назарына ата-анасының отбасылық мұрағаттағы суретін ұсынды.

Онда Қабатовтың тұңғыш қызы да бой көрсеткен. Белгілі болғандай, әзілкештің әкесінің өмірден өткеніне тоғыз жыл болған.

"9 жыл өтті асқар тауым құлағалы, 9 жыл өтті анам іздеп жылағалы. Әр күніміз сағынышпен өткенімен, жүрегіміз әке деп соғады әлі. Бүгін әкем тірі болғанда 67жасқа толар еді. Әттеген-ай десейші. Жадыраған жүзін көрмегелі де 9жыл болып қалыпты. Жаныңыз Жәннатта болғай", - деп жазды Тұрсынбек Қабатов.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары