$ 447.4  477.55  4.76

Ринат Зайытов лауазымды қызметке тағайындалды

Айтуынша, Ринат Зайытов қазір театрды аралап, жұмыс орнымен танысып жүр.
фото: musicprime.kz
фото: musicprime.kz


Айтыскер ақын Ринат Зайытов Алматыдағы "Алатау" дәстүрлі өнер театрының директоры болып тағайындалды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

 Бұл ақпаратты театрдың PR-менеджері растады."Алатау" дәстүрлі өнер театрының бұрынғы директоры басқа қызметіне ауысуына байланысты өтініш жазған

"Бүгін Алматы қаласы мәдениет басқармасының басшысы Ғани Майлыбаев келіп тағайындады. Бұған дейін бұл қызметті атқарған кісі басқа жұмысқа ауысуына байланысты өз өтінішімен қызметінен кетті", - деді теардың PR-менеджері.

Айтуынша, Ринат Зайытов қазір театрды аралап, жұмыс орнымен танысып жүр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары