$ 494.87  520.65  4.91

«Күйзеліске түстім, сахнаға шыға алмадым» - әнші Гаухар Әлімбекова

Әнші екі жыл бұрын халықты алдап, ақша жымқырды деп айыпталған еді.
Фото: видеодан скриншот
Фото: видеодан скриншот

Әнші Гаухар Әлімбекова ұзақ уақыт бойы сахнадан көрінбей кетті. Мұның өзіндік себебі бар.  Басқа түскен ауыртпалықтардан соң әнші ес жия алмай қалғанын айтты. 

Бұл туралы "Алматы" арнасына берген сұхбатында айтты, деп хабарлайды Караван.

Гаухар Әлімбекова мүлде сахнаға шығуды қойды. Екі жыл бұрын халықты алдап, ақша жымқырды деп айыпталған еді. Одан кейін туған ағасынан айырылып, күйзеліске түскен. 

"Менің алты ағам бар. Соның ең үлкені қайтыс болды. Ол менің өнердегі, өмірдегі ағам еді. Асылхан ағам өнерді жақсы түсінетін. Менің әндерімнің кем-кетігін айтып отырушы еді. Бір әнім шықса, ағама тыңдататын едім. Ол менің арқасүйерім еді. Одан айырылу оңайға соқпады. Күйзеліске түстім. Сахнаға шыға алмадым. Өнерден қол үзіп қалдым. Маған қазаны қабылдау ауыр болды. Бұл жайттарды енді ғана ұмытып, өз-өзіме келе бастадым", - деді Әлімбекова. 

 

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары