$ 444.22  476.38  4.82

Димаш арнайы ВИДЕО түсіріп, тыңдармандарына алғыс айтты

Біздің ютуб арнамыздың оқырмандар, көрермендер саны миллионнан асты.

Әнші Димаш Құдайберген YouTube-тен "Алтын батырма" алды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Бұл жаңалық жайлы әнші желідегі парақшасында жазды. Ол осы жетістігі үшін өзін қолдап жүрген тыңдармандары мен жақындарына алғыс айтты.

"Сәлеметсіздер ме, құрметті достар! Құрметті достар бұл бейнежазбаны түсіргендегі мақсатым сіздерге алғыс айту. Біздің ютуб арнамыздың оқырмандар, көрермендер саны миллионнан асып, ютубтан осындай тамаша марапатқа ие болып жатырмыз. Ең алдымен менің кішігірім өнеріме баға беріп, әрқашан да осы баланың болашағы жарқын болсыншы деп тілеуімді тілеп отырған, әрбір әлем бойынша тыңдармандарыма шын жүректен мың мәрте рақмет айтқым келеді. Осы сәтті пайдаланып менің шығармашылығыма ерекше атсалысып жүрген, әрбір, менімен жұмыс жасап жатқандарға ерекше алғыс айтқым келеді. Менің ұжымыма, менеджерлеріме, әрине ата-анама, туған-туыс, ағайын-бауырларыма, жерлестеріме алғыс айтқым келеді" -дейді Димаш Құдайберген.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары