$ 494.87  520.65  4.91

Жұлдыз Әбдікәрімова ТВ мамандарының назарын аударту үшін ерекше жазба жариялады

15 жасында әкесін, 6 ай бұрын коронавирусқа шалдыққан анасын жерлеген қыздың адал еңбектеніп жүргені көпті сүйсінтті.
Фото: stan. kz
Фото: stan. kz

 Қайрат Нұртастың жары Жұлдыз Әбдікәрімова ыдыс-аяқ жуып, күнелтіп жүрген "Қызылорда аруы -02017" Гүлнұр Нұртазаға қатысты пікір білдірді. Ол бойжеткеннің адал еңбек, маңдай терімен табыс тауыр жүргенін айтып, оған қолдау білдірді, деп жазады Skifnews.kz ақпарат порталы.

Қазақ халқының қызға төрден орын бергенін тілге тиек еткен Әбдікәрімова ТВ мен модельдік салада жүрген мамандардан Гүлнұр Нұртазаға қолдарынан келгенше көмектесулерін сұрап отыр.

"Қыздың орны - төр. Қабағында құт бар деп, төрден орын ұсынып қызын құрметтеген текті халықтың ұрпағымыз. Бірнеше күннен бері Гүлнұр Нұртаза жайлы ақпарат таралуда.

15 жасында әкесін, 6 ай бұрын коронавирусқа шалдыққан анасын жерлеген қыздың адал еңбектеніп жүргені көпті сүйсінтті.

Гүлнұр өзін ТВ саласында немесе модельдік бағытта дамытқысы келеді. Сондықтан осы саладағы сыйлас жандардан Гүлнұрды демеп, қолдап, бастамасына себепкер болуын сұраймын. 

Ақпанның бірі күні Гүлнұр маған хабарласып, ресейлік шоуға қатысты әпкелік кеңес сұраған еді. Сол кезде алғаш рет таныстық. Жақында Гүлнұр Нұртазамен эфир өткізсем бе деймін. Оған дейін жақсы жаңалық дайындағым келеді. Қазақтың намысын ойлаған қызға қазақтың ТВ саласынан жақсы жұмыс бұйырар деген ниеттеміз. Ұсыныстарға ашықпыз", - деп жазды Жұлдыз ханым желідегі парақшасында

 

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары