$ 498.34  519.72  4.85

Қарақат Әбілдина бес баланың өліміне қатысты пікір білдірді

Жамбыл облысы, Жаңатас қаласында бір отбасының бес бірдей періштесі бір күнде көкке ұшып кете барды.
Фото: ашық дереккөз
Фото: ашық дереккөз

Белгілі әнші Қарақат Әбілдина Жаңатаста орын алған қайғылы жағдайға байланысты пікір білдірді. Бұл туралы ол Instagram парақшасында жазды. 

"Жазар-жазбасқа көп ойландым... Бірақ та, айтқым келді. Бес бірдей балапанынан айрылып, қанатынан қайрылып отырған, қайғыдан у ішіп отырған қаралы анаға бүкіл қазақ атынан қайғырып көңіл айтқым келді... Ана ретінде мен сіздің қайғыңыздың жер-көкке сыймайтындай ауыр екенін аса қатты түсінемін. Бекем болыңыз...

Жамбыл облысы, Жаңатас қаласында бір отбасының бес бірдей періштесі бір күнде көкке ұшып кете барды... Орны толмас ауыр қайғы. Көз алдыма бәрі келді... Бәрі... Көздері алақ-жұлақ етіп, не болып, не қойып жатқанын ұқпай тұрған 5-6 жастағы бала мен, әлі ненің не екенін айырмайтын оның төрт бауыры... Әкелері жұмыста, аналары дүкенге шыққан депті. Кім біледі, жүгіріп барып на-сүт әкеле қояйын деген шығар. Өзім де сөйтем кейде, несін жасырайын... 

Астана. Ақпан. Ситерлер отбасындағы жағдай сол күйінде тағы да қайталанды. Бұл бір белгі, ескерту ме екен... Билік пейілін түзетіп, қазақ та ниетін тазарту керек шығар... Алла ешбір ата-ананы баласымен сынамасын. Қарайғандарымыз дені сау, ақыл-есі бүтін, иманына берік болып өссін", - деп жазды Қарақат Әбілдина. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары