Димаш мәдениет, өнер және спорт саласындағы жыл сайынғы «Тикетон» қазақстандық сыйлығының лауреаты атанды. 21 номинация бойынша көшбасшылар ашық ғаламторда дауыс беру арқылы анықталды. Бұл туралы dimashnews.com сайты хабарлады.
Ticketon.kz – Қазақстандағы мәдени және спорттық іс-шараларға билеттерді онлайн-сату бойынша ең ірі сервис болып табылады. «Тикетон» сыйлығы осымен 4-ші рет өткізіліп отыр.
16 ақпаннан 2 наурызға дейін созылған премияға онлайн-дауыс беру сайттың ресми парақшасында өтті. Қазақстандықтар барлығына оңайға соқпаған 2020 жылы көптеген жарқын және жағымды сәттер сыйлаған адамдар мен оқиғаларды таңдады. Жалпы алғанда, 160 үміткер үшін 38 444 дауыс жиналды.
Димаш Құдайберген 2923 дауыс жинап, «Қазақстанның жыл әртісі» номинациясын жеңіп алды. Осы санаттағы басқа финалистердің қатарында Ninety One бойзбенді, рэпер HIRO, рэпер Скриптонит, рэпер Jah Khalib және басқалар болды.
Қалған номинациялар бойынша анықталған жеңімпаздар:
Шетелдік жыл фильмі – «Джентельмены» фильмі Отандық жыл фильмі – «Любовь на миллионы» фильмі Жыл киноактрисасы – Гүлнар Сильбаева Жыл киноактері – Нұрлан Қоянбаев Жыл спектаклі – Дарья Спивакова мен Тимур Ақтаевтың «Утопия» спектаклі Жыл премьерасы – Ғ. Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік балалар мен жасөспірімдер театрының «Құлагер» спектаклі. Жыл операсы – «Астана Опера» Мемлекеттік опера және балет театрының «Евгений Онегин» операсы Жыл балеті – «Астана Балет» театрының «Щелкунчик» балеті Жыл матчы – «Барыс» және «Авангард» командалары арасындағы хоккей матчы Жыл спортшысы – боксшы Геннадий Головкин Жыл спортшысы – шахматшы Динара Сәдуақасова Жылдың эстрадалық концерті – «PulseKino» автоконцерті Жыл филармониялық концерті – Ne prosto orchestra Жылдың мультипликациялық фильмі – «Семейка Крудс. Новоселье» Балаларға арналған жыл іс-шарасы- Н.Сац атындағы жас көрермендер театрының «12 месяцев» жаңа жылдық қойылымы. Жыл мастер-классы – Полиглот Дмитрий Петровтың мастер-классы Желідегі кейіпкер – блогер Аминка Витаминка Қазақстанның ең инновациялық қаласы – Алматы Қазақстанның туристік бренді – «Шымбұлақ» тау курорты