$ 444.14  477.05  4.85

«Дұшпандардың әрекеті»: Байырбекова оқырмандарына қызық сұрақ қойды

Мұндай жағдайда не істеуіміз керек?
Фото: ainews. kz
Фото: ainews. kz

Қазақстанға танымал әнші Жазира Байырбекова Instagram-дағы парақшасына өзіне әлдекімдердің қастандық жасамақшы болғаны туралы жазды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

"Жазира" салонына біреу қағазға оралған түйіншек қалдырып кетіпті. Түйіншекті ашып көрсе, ішінде жіпке оралған ине және майдалап қиылған жіптер жатыр. Үлкендерден сұрасақ, "дұшпандардың қастандық жасағысы келген әрекеті" дейді. Ешқандай дұшпанымыз жоқ сияқты еді. Мұндай жағдайда не істеуіміз керек? 3-4 күн бойы құран қойып қойсақ, келушілер ренжімейтін шығар. Ұқсас оқиғалар кімде болды?", - дейді әнші.

Желі оқырмандары да ол әрекеттің дуа, қарғыс екенін айтып, әншіні одан сайын үрейлендіре түсті.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары