$ 443.85  474.3  4.8

Головкиннің мексикалық нокаутшы Хайме Мунгиямен кездесуі өтпейтін болды

Жоспар бойынша кездесу 7 мамырда өтуі керек еді.

Бірінші орта салмақта бұрынғы әлем чемпионы Хайме Мунгия (36-0, 29 КО) келесі жекпе-жегін орта салмақта IBF және IBO белбеулерінің иегері қазақстандық Геннадий Головкинге (41-1-1, 36 КО) қарсы өткізбейді, - деп хабарлайды ESPN.

Биылдың бірінші жартысында GGG-мен жұдырықтасуы мүмкін болған мексикалық боксшы 24 сәуірде рингке оралады. Ол америкалық Димитриус Баллардпен (26-0-1, 13 КО) кездеседі.

Бұған дейін инсайдерлер Мунгия мен Головкиннің командалары келіссөз жүргізіп жатқанын хабарлаған, ал кейбірі командалар 7 мамырда жекпе-жек өткізуге келіскенін мәлімдеген. Енді бұл жекпе-жек таяу уақытта өтпейтін болды. 

Еске салайық, Мунгия кейінгі жекпе-жегін былтыр қазанда өткізіп, багамалық Туреано Джонсонды (21-3-1, 15 KO) алтыншы раундта нокаутпен жеңген болатын. Ал Головкин желтоқсанда поляк Камил Шереметаны (21-1, 5 КО) нокаутқа түсіріп, әлем чемпионы атағын 21-рет қорғап қалған болатын.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары