$ 498.34  519.72  4.85

Оңтүстікқазақстандық мәдениет майталмандары Аустрияда өнер көрсетуде

2016 жылғы 4-6 тамыз аралығында Филлах қаласында өткізілетін Еуропадағы ірі фольклорлық «Villacherkirchtag» фестивалінің бағдарламасы аясында бүгін Каринтия астанасы Клагенфурт қаласында «Қазақстан маржандары» атты концерт ұйымдастырылуда. Айтулы шара Қазақстан тәуелсіздігінің 25 жылдығын мерекелеу шеңберінде ұйымдастырылған.

Аталған фестивальге Оңтүстік Қазақстан облысының атынан Ш.Қалдаяқов атындағы облыстық филармонияның «Тұмар» фольклорлық ансамблі мен халықаралық, республикалық би байқауларының жүлдегерлері «Қазына» би ансамблі қатысып жатыр.

2017 жылғы ақпан айында Қазақстан мен Аустрия арасындағы дипломатиялық қатынастардың орнағанына 25 жыл толады. Осы уақыт ішінде екі ел арасындағы саяси, экономикалық, ғылыми және мәдени салалардағы ынтымақтастық үшін негіз жасалып, екі жақты 19 құжатқа қол қойылды. Мәдениет саласындағы табысты ынтымақтастықтың айқын дәлелдерінің бірі Каринтия астанасында өтетін Оңтүстік Қазақстан облысының бүгінгі концерті болып табылмақ.

Сонымен қатар, 5-6 тамыз аралығында Филлах қаласында биыл 73-ші рет ұйымдастырылып отырған Еуропадағы ең iрi "Villacher Kirchtag" халықаралық фольклорлық фестивалiне Қазақстан алғаш рет қатысып, еліміздің атынан Оңтүстік Қазақстан облыстық Ш.Қалдаяқов атындағы филармонияның "Тұмар" фольклорлық және "Қазына" би ансамбльдері қазақтың ұлттық өнерін паш етеді.

Айта кетейік, аталған фестиваль аясында аустриялық және шетелдік фольклорлық ансамбльдер екі күн бойы Еуропаның барлық өңірлерінен келген 50 мыңнан астам көрермен назарына өз өнерлерін ұсынады. 3000-ға жуық ұлттық киім киген қатысушылардың шеруімен қорытындыланған фестивальге Қазақстанның қатысуы, еуропалық қоғамға ұлттық құныдылықтарымызды жақын таныстыруға мүмкіндік туғызбақ.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары