$ 498.34  519.72  4.85

ОҚО-да отбасы құндылықтарына негізделген фильм түсірілуде

Оңтүстік Қазақстан облысында «Жанұя» бейнефильмі түсірілуде. Толық метражды драмалық шығарма облыстық жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасының «Жастар ресурстық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің тапсырысымен «Оңтүстік жастары» жобасы аясында жасалып отыр. Бұл туралы ОҚО әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлап отыр.

Отбасылық құндылықтарды құрметтеу, ата-ана мен баланың қарым-қатынасын дұрыс жолға салу, қазіргі қоғамда орын алған отбасылық келеңсіздіктерді суреттеп, оған жол бермеуді көздейтін туындыда, керісінше үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсету, жалпы тәрбиелік ұғымдар насихатталмақ.

Бейнетуындының режиссері көпшілікке танымал киномаман – Серік Таласов. Жалпы түсірілім Шымкент қаласында өтуде.

Бейнефильмнің басты рөлдерін Қазақ киносының танымал актерлары Ержан Жарылқасын (Елбасы жайында «Менің балалық шағымның аспаны» к/ф-гі Әбіш әкейдің жас кезі, «Астанаға көктем кеш келеді» к/ф, т.б), Ж.Шанин атындағы облыстық академиялық драма театрының актрисасы Ақмарал Маханова, «Шаншар» әзіл-оспақ театрының әртісі Ғалымжан Қалыбаев, жастар арасында танымал болып үлгерген оңтүстіктің тумасы актер Олжас Бекбауов сомдайтын болады. Сонымен қатар, фильмнің кейбір түсірілімдеріне тамыз айының басында кастингке қатысып, актерлік қабілетін көрсете білген бірқатар азаматтар қатыспақ.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары