$ 448.15  483.46  4.86

Иван Ургант Иманбекті ресейлік шоуға шақырмақ

Иманбек "Грэмми" сыйлығына ұсынылған және оны жеңіп алған алғашқы қазақстандық азамат.

Ресейлік тележүргізуші Иван Ургант Иманбек Зейкеновті Бірінші арнаға қонақ ретінде шақырғысы келетіндігін айтты, деп хабарлайды Stan.kz

«Иманбек Зейкенов – Қазақстаннан шыққан бірінші Грэмми жеңімпазы. Ол ең жақсы ремикс үшін Грэммиге ие болды. Иманбек, құттықтаймыз. Біз Иманбекті қонаққа шақыруға, Грэммиге қол тигізіп, ең болмағанда Алтын Грамофонның қандай екенін түсіну үшін түпнұсқасын көруіміз керек», - деді Ургант Бірінші арнаның эфирінде.

Еске салайық, 15 наурызға қараған түні қазақстандық музыкант Иманбек Зейкенов (Imanbek) америкалық орындаушы SAINt JHN-дің "Roses" әніне жазған ремиксі үшін Grammy алғаны белгілі болды. Иманбек "Грэмми" сыйлығына ұсынылған және оны жеңіп алған алғашқы қазақстандық азамат. 

Иманбекті қазақстандық әртістер мен желі қолданушылары әлі де құттықтап жатыр.

"Жерлесімді осындай тарихи жеңісімен құттықтаймын!!! Иманбек, сен нағыз азаматсың!! Алға Қазақстан! Алға Павлодар, Ақсу", - деп жазды Жанар Дұғалова.

"Әлемді таңдай қақтырған, таңғалдырған, мойындатқан Қазақтың Иманбегі! Ал алғашқы Грэммиіміз құтты болсын Қазақ Елі!", - деп жазды Мәдина Сәдуақасова.

"Иманжүсіп шыққан елден Иманбек қалай шықпасын...Әлем сенікі. Алла абыройыңды асқақтай берсін!", ""Құтты болсын", - деп жазды желідегілер.
 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары