$ 494.87  520.65  4.91

Иманбек өзіне қандай қыздар ұнайтынын айтты

Иманбекті жеңісімен мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен әнші Димаш Құдайберген құттықтағанын хабарлағанбыз.
фото: rus.azattyq-ruhy.kz
фото: rus.azattyq-ruhy.kz

Бірнеше күн бұрын Грэмми сыйлығыналған қазақстандық диджей Иманбек Зейкенов NRJ радиосына сұхбат берді. Сұхбат барысында музыкант өзіне ұнайтын қыздар жайлы, болашақ жарының бойында болу керек қасиеттер жайлы айтты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы. 

Әп-сәтте танымал болып шыға келген музыкант Иманбек әйгілі "Грэмми" жүлдесін әлі алмапты. Ол әзірге АҚШ-та жүр. Бұған дейін ол, теміржол саласынанда жұмыс істеген. Қазір бұл саладан біржолата кеткен.

Сұхбат барысында танымалдылығы артқан соң өмірінде болып жатқан жаңалықтар жайлы әңгіме өрбітті.  

"Lada Priora. Бірге дұмыс істеу жөніндегі көптеген ұсыныстар мен қоңыраулар. Әзірге өзіме тек көлік қана сатып алдым", - деді музыкант. 

Сондай-ақ ол қыздарға деген талғамы жайлы айтып: "Сыпайы, тәрбиелі, қарапайым және ақылды болу керек", - деді.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Иманбекті жеңісімен мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен әнші Димаш Құдайберген құттықтағанын хабарлағанбыз. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары