$ 495.2  522.34  4.94

Imanbek «Кешкі Урганттың» қонағы болды (ВИДЕО)

"Таңертең Instagram лентасын қарап отырып, президенттің мені құттықтағаны жайлы жаңалықты оқып, қатты таң қалдым", - дейді музыкант.

"Грэмми" иегері Иманбек Зейкенов танымал "Кешкі Ургант" шоуының қонағы болды. Музыкант жеңістен кейінгі көңіл-күйі, сондай-ақ өзінің шығармашылық жоспарлары туралы айтып берді. Иманбек қонақ болып қайтқан шоудың шығарылымы жақында ғана Бірінші арнадан көрсетіліп, сонымен қатар "Кешкі Урганттың" YouTube-тегі ресми арнасында жарияланды.

Иманбек "Грэммиді" алғаннан кейін бірден ұйқыға кеткен екен, себебі марапаттау рәсімі таңғы уақытта болған.

"Грэммиді" алғаннан кейін ұйқтап қалдым. Себебі, Қазақстанда таң енді атып жатқан уақыт еді. Оянсам, 90-ға жуық қабылданбаған қоңырау тұр. Олардың арасында, мүмкін, еліміздің президенті де болған шығар. Таңертең Instagram лентасын қарап отырып, президенттің мені құттықтағаны жайлы жаңалықты оқып, қатты таң қалдым", - дейді музыкант.

Иманбек Ургантқа туған қаласы туралы да айтып берді. Ол Ақсу қаласында орналасқан ең ірі зауыт туралы айта келіп, тағы бір танымал қазақстандық әртіс туралы сөз қозғады.

"Скриптонит Ленинда тұрғанда арамыздағы қашықтық шамамен 15 минуттық жер еді", - дейді Иманбек.

Сондай-ақ "Грэмми" иегері Иван Урганттың сөзін растап, жеңіс әкелген тректі жазуға небәрі 2,5 сағатын жұмсағанын мойындады. Иманбектің сөзінше, жеңісінен кейін оны SAINt JHN-нің өзі де құттықтаған.

"Ол маған Inastagram direct-ісіне жазды, ол мені мақтады", - дейді музыкант.

Иван Ургант Иманбектен алдағы жоспарлары туралы да сұрады.

"Сіздің Мәскеуде жүруіңіз бекер емес шығар? Келіссөздер жүріп жатқан болар? L.J емес пе?", - деп әзілдеді тележүргізуші. "Грэмми" алмай жатып-ақ, біз Лехамен бірлесіп трек жазуды жоспарлаған болатынбыз", - деді ол. Сұхбат соңында Иван Ургант "Кешкі Ургант" студиясында айтылғандардың барлығы орындалып жататынын атап өтті.

Ол қараша айында Иманбекті "Грэмми" алуымен құттықтағанын және көп ұзамай Иманбек бұл сыйлықты жеңіп алғанын еске салды.

"Иван, айтыңызшы, мен 30 "Грэмми" аламын ба?", - деп сұрады музыкант.

"Жақында Иманбектің 30 "Грэмми" сыйлығын алатыны ешкімге құпия емес. Бұл тонаудың немесе бәсекеде жеңудің нәтижесінде бола ма, ол жағы белгісіз. Бәрін уақытында білетін боламыз", - деп әзілдеді Иван Ургант.

Еске сала кетсек, Иманбек Зейкеновтің SAINt JHN атты әншінің Roses әніне жазылған ремиксі "Грэмми" сыйлығын жеңіп алған еді. Музыкантты жеңісімен барша қазақстандық пен қатар мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев та құттықтады. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары