Жақында ғана лауазымды қызметке тағайындалған Сәкен Майғазиев «Жиырма бесінші сағат» бағдарламасына берген сұхбатында кімдерді деңгейі төмен адам деп есептейтінін айтты.
«Жұрттар ойлайды күліп жүргенге, ортасында тұрғанға, жаңағы белсенділік танытып жүргенге ебін тауып екі асап, жұрттарды пайдаланып, Шымкентский вариант деген сорлы сөз бар да. Ең деңгейі төмен адамдардың айтатын сөзі. «Шымкентский вариант» немесе «Найманский вариант» немесе қазақ десең, өзіңе тиеді деп айтатын адамдарды иттің етінен жек көрем. Ондай адамдарды деңгейі төмен, өте сауатсыз адамдар деп есептеймін», - деді Сәкен Майғазиев.
Сондай-ақ әнші екеуара сөйлескенде "брат, бро" деп сөйлесетіндер сынады.
Оның ойынша, қазақша сөйлеуді, жазуды әркім өзінен бастауы керек.
"Ел боламыз десек, 30 жыл болды, тілімізді шұбарлатпай дұрыстауымыз керек деп ойлаймын. Әринеғ әлі де болса, "ауру қалса да, әдет қалмайды". Бірақ, соны әсіресе, жазатын кезде шартты автоматты түрде шығып кетті деп есептейік. Сарт ете, тарс ете қалды деген секілді. Ал бірақ жазар кезде дұрыс қолдансақ деймін(қазақша сөздерді)", - деді.
Мұнан бөлек ол, адамдардың бір-біріміне мырза деп сөйлегенін құптайтынын жеткізді.