Әнші Әбдіжаппар Әлқожаның келіншегі төртінші перзентін дүниеге әкелді, деп хабарлады Sn.kz.
Қуанышты хабарды әншінің жақын досы Әділет Байнашев жеткізді. Ол Instagram-дағы парақшасында көпшіліктен сүйінші сұрап, жаңа туған нәрестеге "кіндік әке" болғанын хабарлады.
"Құрметті ағайын, сүйінші! Бүгін ұлды болып жатырмыз! Әбдіжаппарды емес, мені құттықтай берсеңіздер болады. Әкесі мен! Әбдіжаппар досым осыдан бірнеше ай бұрын "достығымыз бұдан да қатты нығыздалып, дос болайық" деген ниетпен келіншегім екеумізді дүниеге келетін болашақ ұлының "кіндік әкесі мен кіндік шешесі" етіп бекіткен болатын. Сол күнге де жеттік, Аллаға сансыз шүкір! Бұл шынайы достықты әрі қарай бауырластыққа жетелейтін үлкен мәні зор, мағынасы үлкен дәстүр деп ойлаймын. Достығымыз ақыреттік болсын, бауырым! Дүниеге келген кішкентай өзіңнен асып түсер алып тұлға болсын! Бір-бірімізді көтеріп, әрдайым демеп жүре берейік" деп жазды ол.
Желі қолданушылары бірден Әбдіжаппар Әлқожаны құттықтауға кіріскен. Олар жаңа туған сәбиге ақ тілектерін жаудырып жатыр. Ал кейбіреуі, тіпті, әншінің отбасылы екенінен бейхабар болып шықты. Оның төрт баласы бар екенін білгенде, қатты таңғалған.