$ 446.49  475.38  4.79

Айжан Байзақова қалыңдық атанып, орамалды болды (ВИДЕО)

Байзақова орамалды басына салғызбай қарсы болды. Сырға тақпақ болғандарға қарсы шықты.

Ресейлік блогер Айжан Байзақоваға пранк жасады. Бір ұлдың анасы, блогер Байзақова аяқ астынан қалыңдық атанып, орамалды болды. Көпшілікке таныс ресейлік блогер Александр Орлов қазақстандық блогер қызды алдап соқты. 


Оқиға барысы "ОР ШОУ" арнасында жарияланды.

Ресейлік блогер Александр Орлов Нұр-Сұлтан қаласына «Рыба-Пила» мейрамханасының ашылуына қатысты. Бұл ретте арнайы іс-шара жасау мақсатында кешке блогер Айжан Байзақованы шақырды. Түсірілімге келген блогерге пранк жасалды. Шындығында, бұл жай ғана себеп еді. Себебі, блогердің мақсаты - түсірілім емес, Байзақоваға пранк жасау еді. 

Пранк жасауға қазақстандық 75 жастағы блогер Раиса Сандульская арнайы келді. Ол Айжанға сырға тақпақ болды. Ал ата-әжелер блогер қызды келін қылуға көндіріп, басына орамал салуға келді. 

Қазақта сырға салу дәстүрі бар. Сырға салу - қыз ұзату, келін түсіру жоралғыларының бірі. Сырға cалу кезінде жігіт жағынан 4-5 адам келіп құда түсер ырымын жасап, қыздың құлағына сырға тағып, қызды алып кететін күнді белгілейді. Бұл жолы жігіт жағы қыздың ата-анасына киіт кигізеді, қыз жағы мал сойып, құрметтеп күтіп алып, шығарып салады, тағы басқа сый-сыяпаттар жасалады. Келісілген күні жігіт жағынан 4-5 адам келіп қызды алып кетеді.

Осы дәстүрдің мәнісін ұққан ресейлік блогер Айжан Байзақованы келеңсіз жайтқа тап қылды. 

Байзақова орамалды басына салғызбай қарсы болды. Сырға тақпақ болғандарға қарсы шықты. Бұл жолы блогер Айжан ғана емес, оның менеджері де алданды. Пранк ұйымдастырушылары қарсы шығып, ұрыс шығарды. Айжан Байзақова оқиға орнына полиция шақыруды сұрады. 

Оқиға шиеленер тұста ұйымдастырушылар бұның пранк екенін айтып, көпшілікті күлкіге қарық қылды. 

Менің күйеу жігітім бар деп ақталған Байзақова оқиғаның мән-жайын ұққан соң өзі де бір күліп алды.

"Мен алдандым, шынында да пранк екенін білмедім", - деді блогер. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары