$ 444.32  473.33  4.76

Айқын Төлепберген жарына арманындағы көлігін тарту етті

Неміс темір тұлпарының бағасы 15 миллион теңгеден басталады.

Әнші Айқын Төлепберген жары Жұлдыз Өмірғалиға ерекше сыйлық тарту етті. Ол екі баласының анасына су жаңа темір тұлпар сатып әперген, деп жазды sn.kz, NUR.KZ-ке сілтеме жасап.

Жұлдызды жұп бұл қуанышты жаңалығымен Instagram желісінде хабарлаған. Айқын Төлепберген өз парақшасында келіншегінің қымбат көлікті жүргізіп келе жатқан сәтінен видео жариялап, оған темір тұлпарды сыйлағанын жазған. Жұлдыз Өмірғали енді "Gelandewagen" қымбат көлігінің иесі атанды. Неміс темір тұлпарының бағасы 15 миллион теңгеден басталады.

"Өзі ұнатқан машинасын алдық. Әрине бала-шағамен жүргенге ыңғайсыздау болғанымен, плюстері де көп. Сіздерге де жұғысты болсын! Енді тасып жүретін машина осы. Құтты болсын, жаным! Темір тұлпарың тозып, өзің тозба! Жақсы көремін сені. Құттықтауларыңызға рахмет" деп жазды өнер иесі.

Желі қолданушылары бірден Жұлдыз Өмірғалиды құттықтап, оның жолдасының асқан жомарттығына тәнті болған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары