$ 494.87  520.65  4.91

Тұңғышбай Жаманқұлов Назарбаев берген сыйақыны қайда жұмсағанын айтты

Ол 50 мың доллар болатын.
фото: stan.kz
фото: stan.kz

Танымал актер Дулыға Ақмолда «Ең алғашқы» бағдарламасына сұхбат берді. Осы бағдарламада ол Нұрсұлтан Назарбаев берген сыйақы арқылы қалай пәтерлі болғанын айтты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Дулыға Ақмолда Ерлан Біләл және Асылбек Боранбаевпен бірге Тұңғышбай Жаманқұловтың шеберханасына оқуға түскен. Ауылдан жас жігіт Жаманқұловтың көзіне бірден түскен. 

Көздері жанып тұрған үш жігітті ұстаздары Тұңғышбай Жаманқұлов «моя великолепная тройка» деп атапты. Кейін үшеуі де оқуды қызыл дипломмен аяқтап, М. Әуезов атындағы драма театрына жұмысқа тұрған. 

90-шы жылдары Әуезов театрына басшысы қызметіне тағайындалған Тұңғышбай Жаманқұлов қиын-қыстау кезеңде жас актерлерге қалай пәтер алып бергенін есіне алды. 

«90-шы жылдар өте бір қиын кездер еді. Сол кезде барлық мүмкіндіктерімді пайдаланып, Әуезов театрындағы жастарға үй алып беруге білек шеше кірістім. Солардың ішінде Дулыға да бар. Бірде біздің спектакльге Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев келді. Біздің қойған спектаклімізді көріп, өте қатты риза болды да, көрімдік беріп кетті. Ол 50 мың доллар болатын. Соған түгелдей он шақты пәтер сатып алдым да, бүкіл коллективке бір-бір айлықтан Елбасымыздың берген сүйіншісінен сыйақы жасадым», - деді Қазақстанның халық әртісі, актер Тұңғышбай Жаманқұлов. 
 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары