Шымкент қалалық мәдениет үйінің басшысы, әнші Сәкен Майғазиев Наурызға бөлінген ақшаны жымқырды деп өзін айыптағандарды сотқа беретінін мәлімдеді, деп хабарлайды Sn.kz.
Бұл туралы әнші Instagram желісіндегі парақшасында жазды.
Тағы оқи отырыңыз:
«Шымкент шенеуніктері наурыз деген желеумен 565 млн теңгенің басына су құйған» - заңгер
«Негізсіз шығындарды тоқтат, Әйтенов!» – Айгүл Орынбек
"Бюджет бекіткен қаржы әлі бөлінген жоқ, қолымызға бір тиын да тиген жоқ" деп соқырға таяқ ұстатқандай қылып түсіндіріп жатсаң да, түсінбейтіндердің көп екені жүрегімді ауыртады. Ғайбаттап, қарғап-сілейтіндерді оқып, түнімен ұйықтай алмай шығамын. (...) Ал жария түрде жер жаhанға жар салып, маған жала жауып, "жемқор", "тонады", деп негізсіз, дәлелсіз айыптағандар заң алдында жауап беруге дайындала берсін", - деп жазды Сәкен Майғазиев.